Үкімет • 25 Қаңтар, 2025

Күн тәртібі нақтыланды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі нақтыланды

Депутаттарға Қатар мем­лекетімен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобаларын қарастыру ұсынылды. Келісімде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі ынтымақтастыққа жауапты орталық органдар айқындалып, өзара іс-қимыл мәселелері реттеледі. Сондай-ақ процестік әрекеттерге қатысу­шылардың құқы белгіленеді. Экстрадициялау туралы келісім екі елдің құзыретті органдары арасындағы қылмыс­тық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды беру мәселелеріндегі құқықтық қатынастарды реттейді.

Екінші оқылымда мәжілісмен­дер денешынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламент­телуін болғызбау мәселелері туралы заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары күн тәртібіне енгі­зілді. Олардың қатарында тарихи-мә­дени мұра нысандарын қорғау бойынша түзетулер және жеке тұлғаларға лизинг енгізу мәселелері бар.