Үкімет • 24 Қаңтар, 2025

Экономиканы дамытудың елеулі бағыттары

82 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Экономиканы дамытудың елеулі бағыттары

Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогінің шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты. 

Кездесуге қатысушылар мем­лекеттік қаржыны тұрақ­тандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.

Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақ­стан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары­ның республикалық қауым­дас­тығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақ­станның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков, «Атамекен» ҰКП төралқа­сы Фармацевтикалық, медици­налық өнеркәсіп және меди­циналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесі­нің төрағасы Елена Бах­мутова, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауым­­дастығы» ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсыны­лып отырған өзгерістердің эко­номиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.

Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университеті Дирек­торлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, «NAC Analytica» Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, «Dasco Consulting group» ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға «Талап» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DESHT» талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, «Visor Kazakhstan» инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.

Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлт­тық экономика, Қаржы ми­нистрліктеріне салық-бюд­жет саласын реформалау мәсе­ле­лері бойынша айтылған ұсы­ныс­тарды пысықтауды тапсырды.

«Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», деп атап өтті О.Бектенов.

Үкімет экономикалық өсу­ді ынталандырудың барын­­ша тиімді шараларын пысық­тау үшін сарапшылармен бел­­сен­ді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.