
Отын 2326 градус ыстықта 20 минут бойы толық қуатта жұмыс істеген. Сынақ НАСА-дағы Маршалл орталығында ұйымдастырылды. Алтыншы сынақта оң нәтиже шығып, ядро жылу қозғалтқыштарына арналған отынның экстремал ортаға төзімді екені дәлелденді. «General Atomics» басшысы Скотт Форнидің айтуынша, бұл жетістік ғарышқа саяхаттың жаңа дәуірін бастауға негіз болмақ. Жаңа технология Марсқа ұшу уақытын 6–7 айдан 45 күнге дейін қысқартады. Бұл экипаждың денсаулығына төнетін қауіпті азайтады.
«EAST» жаңа рекорд орнатты
Қытайдың «EAST» термоядролық реакторы 1066 секунд бойы плазманы 100 млн градус температурада ұстап, жаңа рекордқа жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы орнатылған нәтижеден үш есе көп.
Реактор Қытайдың Хэфэй қаласында орналасқан. Мұндай жоғары температура атом ядроларының қосылып, энергия бөлуіне мүмкіндік береді. Бұл Жерде термоядролық реакцияны іске қосу үшін қажет, себебі Күндегі сияқты жоғары қысым жер бетінде болмайды. Эксперименттің басты жетістігі – плазманы ұзақ ұстап тұру әрі жүйенің тұрақтылығын арттыру. Технология болашақта шексіз әрі таза энергия көзін өндіруге пайдаланылады.
Саңырауқұлақтан жасалған батарея
Швейцария ғалымдары электр қуатын өндіруге арналған ерекше биоыдырайтын батарея жасап шығарды.
Батарея екі түрлі саңырауқұлақтан жасалған. Бірі анод ашытқы негізінде жасалып, электрондар шығарады, ал катод ақ саңырауқұлақ-трутовикті пайдаланып, арнайы фермент арқылы электрондарды қабылдайды. Батареяның корпусы биоыдырайтын материалдардан 3D принтерде басылып шығарылды. Мұндай материал құрамында саңырауқұлақтарға қажетті қоректік заттар бар. Батарея 600 мВ қуат өндіре алады және оны ауыл шаруашылығында немесе экологиялық зерттеулерде шағын құрылғыларды қуаттауға пайдалануға болады. Бұл батарея экологиялық таза әрі қауіпсіз. Қолданылғаннан кейін табиғи жолмен ыдырап, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.