Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Қуаныш көбейген күн

47 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дін­мұхамед Ахметұлы Қонаев­тың туғанына 113 жыл толуына орай әкімдік өкілдері, ардагерлер, қо­ғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғын­дары бас қосып, облыс орта­лы­ғындағы еңселі ескерт­кіш­ке гүл шоқтарын қойып, заңғар тұлғаның рухына тағзым етті.

Қуаныш көбейген күн

Мәдениет үйінде ұлт перзентінің өмірі мен қызметін еске алу кеші ұйымдастырылды. Ша­раға қала әкімі Асхат Берді­ханов қа­тысып, мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосқан өр тұлғаның ерен еңбегін ерекше атап өтті.

«Қаламызға есімі берілген халқымыздың даңқты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыз ел басқарған жылдары кең-байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала салынды. Іле өзенінің бойына бөген тұрғызылып, жаңа су электр стансасының бой көтеруіне, осы маңда жаңа Қапшағай қаласының іргетасы қалануына да ерекше ықпал етті», деді қала әкімі.

Қалалық ақсақалдар алқасы­ның төрағасы Базан Оралбаев та өз кезегінде елу жыл ел ағасы атанған мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың есімі тарихта алтын әріппен жазылып, халқымен бірге жасайтынын айрықша атады. Мәдени іс-шара әсем әнмен өріліп, бимен көмкерілді.

Салтанатты шара соңында әлеуметтік осал топтағы отбасы­ларға, кезекте тұрған азамат­тарға 80 пәтердің кілті табыс етіліп, қонаевтықтардың қуа­нышы еселенді. Баспаналы болып, қуанышқа кенелген отбасылар мемлекеттің жасаған қам­қорлығына жүрекжарды ал­ғыстарын жаудырды.

«Өзім көпбалалы анамын, 7 балам бар. Үй кезегінде 17 жыл­дан бері тұрған едім. Бүгін атамыздың туған күнінде қолы­мыз жетті. Қуаныштымын. Әлеу­меттік осал топтағыларды, көпбалалы аналарды, жетімдер мен ардагерлерді қолдап жүрген­дері­ңізге алғысымыз шексіз», деді жаңа үй иесі Назым Ахме­това.

Пәтерлер жекешелендіру құ­қығынсыз жалға берілді. Жалға алу құны – қолжетімді. Былтыр Қонаевта 85 отбасына пәтер кілті табысталған болатын.

Жалпы, Қонаев қаласында жыл басталғалы бері жағымды жаңалықтар жібін үзбей жал­ғасып келеді. Атап айтсақ, Ор­талық саябаққа қазақ әдебие­­тінің классигі Бердібек Соқпақ­баевтың есімі берілсе, артынша осы саябақтан мұз айдыны ашылып, қалалықтарды шат-ша­дыман етті.

 

Алматы облысы,

Қонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15