
Сурет: ашық дереккөзден
«Біріншілік өңірде бокстың даму қарқыны анағұрлым артқанын аңғартты. Әрі спортты жаңа бастаған боксшыларды қанаттандыра түсті. Бүгінгі жарыс нәтижесінде қаңтардың соңғы аптасында Қостанай облысында өтетін еліміздің чемпионатына қатысуға Алматы облысының үздік боксшылары іріктеледі. Сондықтан білекті де жүректі жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз», – деді жарыстың бас төрешісі Тілек Манап.
Бес күнге созылған жарыстың қорытындысында Еңбекшіқазақ ауданының өкілдері Камил Ахмедов, Ерасыл Мәули, Наил Ахмедов, Тамерлан Сман, Әлихан Исламов, Іле ауданының боксшылары Айқын Нұрлыбек, Әмір Нұрболат, Нұржан Жанүсіп, Мұрат Кеңесбай, Нұрасыл Хасан, Қарасай ауданынан Айбек Әлімқұл, Нұрдәулет Сәкенов, Жамбыл ауданынан Әлихан Смағұл, талғарлық Айбын Мәжит, Қонаев қаласынан қатысқан Мағжан Шәріпхан, Райымбек ауданының былғары қолғап шебері Әлихан Бекбосын үздік деп танылды. Жеңімпаз жастар алдағы республикалық бәсекеде облыстың намысын қорғайды.
Алматы облысы