Қоғам • 13 Қаңтар, 2025

«Балаларыңызға қамқор болыңыздар»: полицейлер тұрғындарға үндеу жасады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясының қызметкерлері балаларды көлікте арнайы орындықтарда тасымалдау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Балаларыңызға қамқор болыңыздар»: полицейлер тұрғындарға үндеу жасады

Фото: ufa.tts.ru

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді қатаң сақтауды, соның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын жарақаттарды азайту үшін арнайы балаларды ұстау құралдарын пайдалану қажеттігін ескертті.

«Жыл басынан бері Алматы жолдарында балалардың қатысуымен 1511 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан төрт бала көз жұмған, тағы 1600-ден астам бала жарақат алған. Балаларды авто орындықтарға отырғызу әуре-сарсаң емес, бұл жол қозғалысының ең жас қатысушыларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін талаптар екенін түсіну өте маңызды», деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне тақырыптық жадынамалар таратып, балалар қауіпсіздігі мәселесіне ересектердің назарын аударды.

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі ең алдымен өзімізге байланысты. Көптеген ата-ана баласын тасымалдау үшін авто орындықтың қажеті жоқ деп есептейді, себебі балалар тез өсіп кетеді. Бірақ балаларды тасымалдауға арналған трансформацияланатын орындықты сатып алуға болады. Балаларыңызға қамқор болыңыздар», деді Тимур Ноғайбаев.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15