
Ұлттың төрт құбыласының бірі – әдебиет. Сол құбыланың алтын ұстыны құлап түсті.
Мағауин құлдықта өлесі халде жатқан қазақ рухын қайта оятқан тұлға еді. Бізді тірілткен қасиетті парақ жабылды. Енді Мұхтар ағам Күлтегін мәңгітасының қасынан Керулен жағалап көшкен алтын тоғанақты керуендерімен мәңгі сапарын бастады… Қош, басын мұнар шалған «Белгілі биік көксеңгір»! Қазаның арты қайырлы болсын, Қазақия!
Светқали Нұржан,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты