Қоғам • 10 Қаңтар, 2025

Қош бол, халықтың арда ұлы!

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайран бауырым, Мұхтар! Мына хабардың аты қандай ауыр еді. Сен жайнап тұр емес пе едің? Жадырап, қынабынан суырылған алмастай жарқырап тұр емес пе едің?

Қош бол, халықтың арда ұлы!

Алтай тауы тамам таудан жоны биік болса, сен қазақ әдебиетіндегі жоны биік асқар тау едің. Асқар таудың басын бұлт шалыпты ғой. Жылатып қой­дың ғой мені... 92 жасқа келген Әкім ағаң сенімен жылап қош­тасып отыр. Сенің сонау Аме­рикадан маған жолдаған сәле­міңді қайта-қайта көріп, бор­ке­міктей езіліп отырмын. Қазір жазушылардың ішіндегі жасы үлкені мен ғана шығармын. Көңіл құла­зып қалды. Өзің білетін қатал, қайсар Әкім ағаңа мына хабар ауырлау тиіп отыр. Бір тұлпарға он жабы татымайды ғой. Мың қарға бір сұңқарға татымайды ғой. Сенің сойың да, ойың да озық еді. Соңыңда қалған қайран жұр­тың, өзің қастерлеп өткен қазақ жұртың аман болсын деймін де! Қош бол, Алаштың арда ұлы Мұхтарым!

 

Әкім ТАРАЗИ,

Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты