Кино • 11 Қаңтар, 2025

Алғашқы жеңіс

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Гүлшат Сма­ғұлованың «Ша­тырдағы екеу» фильмі Калькутта қаласында (Үндістан) өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық ки­но­фестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Туынды «үздік толықметрлі фильм» деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинация­сында жеңіске жетті.

Алғашқы жеңіс

Айта кетейік, режис­сердің алғашқы фильмі­нің шығарма­шы­лық құрамы да дебютанттардан тұрады. Атап айтсақ, продюсер – Әлия Шәріпбаева, сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы-суретші Елена Айтова, актриса Лидия Ярцева.

Бұдан бөлек кинотуынды былтыр Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді кон­кур­сының ширек финалына шыққан еді.

Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. «Шатыр­дағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы Дамир мен аутизмге шалдыққан Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

 

Маржан Қуатқызы

 

Соңғы жаңалықтар

Жануар бейнесіндегі бағаналар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Ұшқышсыз тікұшақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:03

Көне құжаттағы уақыт табы

Архив • Бүгін, 08:58