Пікір • 10 Қаңтар, 2025

Жүйелі көзқарасты талап етеді

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқары­латын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп берді.

Жүйелі көзқарасты талап етеді

senate.parlam.kz

Президент есептік жылда көптеген маңызды жоба мен бастамалар жүзеге асырылғанын, ел экономикасының қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын ұдайы жақсарту – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары екенін баса айтты.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – Үкіметтің басты міндеті. Экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды қарқынды жаңғырту, жаңа сапалы жұмыс орындарын құру секілді күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Бұл ретте Президент Үкімет жұмысының тиімділігі макроэкономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматтың өміріндегі нақты және оң өзгерістермен өлшенуге тиіс екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл тәсілі экономиканы дамытудың жай ғана ұзақ мерзімді стратегиясы емес, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінен жоғары жауапкершілікті, кәсібилікті, үйлесімділік пен жүйелі көзқарасты талап ететін күнделікті қажырлы жұмыс екенін айқын көрсетеді.

 

Сүйіндік АЛДАШЕВ,

Сенат депутаты