Хоккей • 09 Қаңтар, 2025

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:50-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі

Фото: hcbarys.kz

Екі команда бұған дейін 20 мәрте кездескен. Оның 7-еуi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 24 ұпаймен 22-орында тұрса, «Лада» 37 ұпаймен 20-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 11 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен шеберлік байқасады.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше