Жемқорлық • 06 Қаңтар, 2025

Түркістанда білім саласының қызметкерлері қомақты қаржы жымқырған

1250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын жымқыру фактісі туралы іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда білім саласының қызметкерлері қомақты қаржы жымқырған

Фото: Ашық дереккөз

«Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қаражат білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы ұрланған.

«Бүгінде күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды өтеді, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүлкіне тыйым салынды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025