Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024

Ақтаудағы ұшақ апатынан «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері көз жұмған

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан екі азамат «ҚазМұнайГаз» компаниясының еңшілес кәсіпорындарында жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтаудағы ұшақ апатынан «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері көз жұмған

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы компания ресми мәлімдеме жасап, марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

- «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін хабарлаймыз. Бауыржан Жұмағұлов - «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғыш көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетіп үлгерген. Екінші азамат - марқұм Сәндібек Төлесінов «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек бұл салада 16 жыл еңбек еткен», деп хабарлады компания.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға кезінде ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Өкінішке қарай, олардың барлығы көз жұмған. Марқұмдардың арасында нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Елдар, Қарағандыда тіс дәрігері болып жұмыс істеген Салима Джутаева бар еді. 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше