Таным • 25 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Жанармайдың жаңа түрі

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай ғалымдары кә­різге жиналған қалдықтардан авиа­циялық биожанармай өндіріп жа­тыр.

Ғалам ғажаптары: Жанармайдың жаңа түрі

Зерттеушілер бұл экологиялық жа­нармайды химиялық жолмен қайта өң­деп, жасап шығарған. Жаңалықтың артықшылығы дәстүрлі реактивті отын­ға қарағанда, ауаға көмірқышқыл газы 80%-ға аз шығады. Мамандардың айтуынша, оны қолдану үшін ұшақты да, оның қозғалтқышын да жаңғыртудың қажеті жоқ. Тіпті мұнайдан өндірілген отынмен араластыруға болады. Ал­ғашқы сынақ сәтті өтіп, қазір 12 әуе рей­сі осы жанармайды қолданып жүр. Бір­ақ құны әзірге реактивті отыннан 5 есе қым­бат.

 

Ең көне лотерея

ва

Испанияда әйгілі «Эль Гордо» атты рождестволық лотерея ұтысы өтті. Биыл жүлде қоры 2 млрд 700 млн еуро. Ал сатылған билет саны 193 миллион.

Бұл лотерея 1812 жылдан бері өткізіліп келеді. Сондықтан аталған ұтыс ойыны испан халқы үшін дәстүрге айналған мереке іспетті. Осы кезде елге туристер ағылып, мемлекет экономикасы да қаржыға қарық болатын көрінеді.

Жүлде сомасы – 20-дан 400 мың еуроға дейін. 40 мың еуродан асатын ұтысқа 20% салық салынады.

 

Тик-Токқа тыйым

ыв

Албания билігі Тик-Ток желісін қол­дануға тыйым салды. Тиісті шешім келер жылдың басында күшіне ене­ді.

Өткен айда мектептегі тәртіпсіздіктен кейін бұл мәселе қызу талқыланды. Есте­ріңізге сала кетейік, Тик-Ток арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске ұласқан еді. Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған. Осыдан кейін жергілікті билік Тик-Ток қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.