Экспорт • 24 Желтоқсан, 2024

Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ереванға мұздатылған шошқа етінің алғашқы 20 тоннасы экспортталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды

Фото:pexels

Экспорттаушы солтүстікқазақстандық EMC Agro компаниясы болды. Кәсіпорын үшін бұл шетелдік кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі, өйткені бүгінгі күнге дейін ЖШС өнімі тек Қазақстанда ғана сатылып келген.

«Грузияға шошқа етін экспорттау жөнінде де келіссөздер жүргіздік. Сондай күндердің бірінде алғашқы 20 тонна ет те осы елге жөнелтіледі. Мұны Қазақстан үшін үлкен оқиға деп атауға болады, өйткені бұл нарық біз үшін енді ғана ашылып жатыр. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тоннаға дейін ет сатып алуға дайын екендіктерін білдірді. Айтпақшы, біздің компания ай сайын 700-800 тонна шошқа етін ел ішінде өткізеді. Яғни, осы екі саламен ұзақ мерзімді перспективада ынтымақтасатын болсақ, өнімнің 50 пайызы шетелге кетеді», деп атап өтті компания.

Жалпы, әлемдегі шошқа етін ең көп тұтынушы Қытаймен ынтымақтастық қарастырылады. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері компанияның өндірістік кешенін аралады. Өндірісті тексерген қауымдастық жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15