Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024

Отандастар әлемнің үздік университеттерінде білім алады

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия­ның кезекті отырысы өтті.

Отандастар әлемнің үздік университеттерінде білім алады

Сурет: belkulinar.oede.by/

Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сон­дай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орта­лық­тарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни стипендия иегерлерінің 65 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 35 пайызы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар 170 азамат шет­ел­дің жетекші ғылыми-зерт­теу ор­та­лықтарында ғылыми тағы­лым­­­дамадан өтуге стипендия ал­ды.

Ерлан Қарин биыл былтырғыға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық ма­ман­дықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының ин­же­нер­лік-техникалық білім беру­ді да­мытуға және қолдауға бағыт­тал­ған бастамасының өзекті әрі заман талабына сай екенін көрсетеді.