Таным • 24 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Ерекше ереже

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сумо – жапондардың ұлттық күресі. Аталған спорт түрінің бірнеше қатаң қағидасы бар.

Ғалам ғажаптары: Ерекше ереже

Қандай салмақ дәрежесінде болса да, Күншығыс елінде сумо балуандарына көлік айдауға тыйым салынған. Егер спортшы бұл талапқа бағынбаса, қатаң жазаланады. Сондықтан да сумошылар көбіне жеке жүргізушілерімен жүреді немесе арнайы шағын автобус жалдайды.

 

Жыл адамы

пр

«Time» журналының нұсқасы бойын­ша «Жыл адамы» атағы АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа бұйырды. Шорт-параққа одан басқа Илон Маск, Кейт Миддлтон, Юлия Навальная кірген еді.

«Time редакторлары 97 жыл бойы «Жыл адамын» таңдап келеді. Бұл атаққа соңғы 12 айда әлемге ықпал ете білген, тақырыбымен көптің назарын аудара білген жандар ғана лайық. 2024 жылы таңдау еш қиынға түскен жоқ», деді журналдың бас редакторы Сэм Джейкобс.

 

Ең үлкен әуежай

ап

Қытайдың Далянь қаласында әлем­дегі ең ірі халықаралық әуежайдың құрылысы басталды.

Таңғаларлығы, әуе айлағы жасанды аралда салынбақ және жылына 80 миллионнан аса жолаушыны қабылдайды. Ғимарат 2035 жылы қолданысқа беріледі.