Саясат • 12 Желтоқсан, 2024

Экономикалық әріптестік нығая береді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олжас Бектенов Қытай­дың Қазақстан­дағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады.

Экономикалық әріптестік нығая береді

Премьер-министр Ол­жас Бек­тенов Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады.

Кездесу Чжан Сяоның Қазақстандағы ҚХР елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орайластырылып отыр.

Олжас Бектенов екі мемле­кет басшыларының алға қой­ған міндеттеріне қол жеткізу­дегі сындарлы жұ­мыс­тар­ды атап өтті. Кейінгі жыл­дары екіжақ­ты экономика­лық байланыс­тарды нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіл­ді. Қарым-қатынастарды ынты­­мақтастықтың жаңа деңгейіне көтеру тауар айналымын арттыруға, экспортты кеңейтуге және инвес­тиция тартуға ықпал етеді. Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып қала береді. Транскаспий мультимодальды дәлізі бойынша тасымалданатын жүк ағынын арттыру ынтымақтастық әлеуетін ашудың келешегі зор құралы болмақ.

Өз кезегінде Чжан Сяо жыл басынан бері елдер арасындағы тауар айналымы 12%-ға өсіп, 36,5 млрд долларды құрағанын хабарлады. Сондай-ақ Қытай елшісі ел нарығына ірі қытай инвесторларының қызығушылығы артып отыр­ғанын айтты, бұл қолайлы бизнес-климатты көрсетеді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты сауда-экономикалық әріптес­тікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.