Үкімет • 10 Желтоқсан, 2024

Этносаралық келісімді нығайтуға баса мән беріледі

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселе­леріне арналған респуб­ликалық жиын өткізді.

Этносаралық келісімді нығайтуға баса мән беріледі

Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сон­дай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар этносаралық қатынас сала­сындағы тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасты жандандыруға, мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң мен Тәртіп» идеологиясының қағидаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға келесі жылы этносаралық келісімді және ел бірлігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін ішкі саяси жұмыстардың басым бағыттарына қатысты нақты тапсырмалар берді.