Әлем • 27 Қараша, 2024

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэ пара алғаны және заңсыз несие бергені үшін екі жылға кейінге қалдырылған үкіммен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді

Фото: Xinhua

Мәліметтерге сүйенсек, Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Сот 2010-2023 жылдар аралығында Лю Ляньгэ әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Қытай экспорттық-импорттық банкі мен Қытай Банкінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын, оларға несиелік қаржыландыру, жобалық ынтымақтастық және кадрлық тағайындаулар сияқты мәселелерде көмек көрсеткенін анықтаған.

Сонымен қатар, жауапкердің заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 миллиард юаньнан астам несие беруге көмектескені, нәтижесінде негізгі қарыз 190,7 миллион юаньнан асатыны белгілі болған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше