АТЫРАУ. 30 қаңтар. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Аsia Credit Bank АҚ филиалының бұрынғы директоры Л.Тұрысбековаға қатысты қылмыстық істі қарап, №2-ші Атырау қалалық сотының үкімін өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау қалалық соты өткен жылдың 3 желтоқсандағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) Л.Тұрысбекова кінәлі деп танылып, оны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған еді.
Сонымен бірге, сотталушының мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 айға дейін материалдық жауапкершілікпен қатысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Өйткені, Л.Тұрысбекова Аsia Credit Bank акционерлік қоғамы филалының директоры қызметін атқарған кезде қызмет бабын жеке бас мүддесіне пайдаланып, өте ірі көлемде қаржы жымқырған деген күдікке ілінген еді. Жазаны өтеу орны жалпы режімдегі түзеу колониясы деп белгіленіп, Л.Тұрысбековадан Аsia Credit Bank акционерлік қоғамына 17 000 000 теңге және 510 000 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілді.
«Бірінші сатыдағы сот Л.Тұрысбековаға қатысты үкім шығарған кезде оның жауапкершілігін жеңілдететін жайтты, атап айтқанда, кінәсін толық мойындап, жасаған қылмыстық әрекетіне өкінетінін және тәрбиесінде кішкене баласы бар екендігін ескерген еді. Өзінің апелляциялық шағымында Л.Тұрысбекова жасаған қылмысына өкінетінін, қылмысын толықтай мойындайтынын, тәрбиесінде кішкентай баласы бар екенін жазып, тағайындалған жазаны Қылмыстық кодекстің 72-бабына (Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру) өзгертуді сұраған болатын. Шағымдағы келтірілген дәйектер мен қылмыстық істі жан-жақты зерделей келе апелляциялық сот алқасы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 411, 422 және 423-баптарының бірінші бөлігін басшылыққа ала отырып, №2 Атырау қалалық сотының 2014 жылдың 3 желтоқсанында Л.Тұрысбековаға қатысты шығарған үкімін өзгеріссіз, ал сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енді» деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07