23 Маусым, 2010

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ЖУРНАЛИСТЕР

1056 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Журналистер одағының Басқармасы үздік жұмыстарға деген рес­публикалық шығармашылық конкурстың қорытындыларын қарай келіп, БАҚ қызметкерлеріне мынадай номинацияларда Қазақстан Журналистер одағы сыйлы­ғы­ның 2010 жылғы лауреаттары атағын берді: 1. Репортерлік жұмыс –  Ольга Кова­ленкоға, “Жаңалықтар” Ресей ақпараттық агенттігінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі – елдегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел жазып көр­сеткені үшін; Қаншайым Байдәулетоваға, “Айқын” газетінің тілшісі – Қазақ­станның жетекші БАҚ басшыларымен жүргізілген “Әріптестер әлемі” сұхбат топтамасы үшін. 2. Экономикалық шолу – Ибрагим Көбековке, “Иссык” аудандық жекемен­шік газетінің редакторы, Көсемәлі Сәт­тібайұлына, “Егемен Қазақстан” газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тіл­шісі – өңірлердің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуы туралы жарияланымдары үшін. 3. Саяси шолу – Амантай Дәндіғұлов­қа, “Новая газета – Казахстан” ба­сы­лымының бас редакторы – елдегі аза­мат­тық қоғамның даму жолдары туралы публицистикалық мақалалары үшін; Рамазан Есергеповке,  журналист – сөз бостандығын және Қазақстан журна­лис­терінің құқығын қорғаудағы жарияла­ным­дары үшін. 4. Журналистік зерттеу – Мария Имаеваға, “КТК” телеарнасының тілшісі – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер қазақстандықтар туралы “Стертые имена” фильмін әзірлегені үшін. 5. Ізденіс материалы – Хельча Ис­маи­ловаға, “Время” газетінің журналисі – осы газеттің беттерінде қазақстандық­тар­дың жаңа ұрпағының адамгершілік тәрбиесі туралы жарияланымдар топ­та­масы үшін; Нұрмахан Оразбековке, кө­сем­сөзші –  Қазақстан тәуелсіздігінің қа­лыптасуы туралы бірегей материалдар әзірлегені үшін. 6. Телевизиялық жұмыс – Қазақстан Президенті телерадиокешенінің шығар­ма­шылық ұжымына (Ерлан Бекхожин – жоба жетекшісі) – “Назарбаев фено­мені” телевизиялық фильмін әзірлегені үшін; Нартай Өтегеновке, редактор, Айтолқын Ықсановаға, режиссер – “Қа­зақстан” ұлттық телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Қылмыс пен жаза” бағдарламасын әзірлегені үшін. 7. Зерттеу жұмысы – Жақыпжан Нұрғожаевқа, Марат Тоқашбаевқа, жур­на­листер – мемлекеттік егемендікті сақ­тау мен нығайту туралы республика­лық баспасөздегі талдау материалдары үшін. 8. Фотожұмыс – Берік Барысбековке, жоба жетекшісі, Тұрар Келмағамбетовке, Фархат Қабдықайыровқа – фотографтар – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында “Қазақстан аспаннан” фотоаль­бомын әзірлеу кезіндегі кәсіби шеберлігі үшін. 9. Медиа-жоба – Гауһар Жанпейісова­ға, жоба авторы – Астана қаласында бей­нелік тасымалдаушыларда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бейнесін жарқын көрсеткені үшін. Қазақстан журналистикасын дамытуға сіңірген аса көрнекті еңбегі және қосқан сүбелі үлесі үшін Ұлы Отан соғысындағы Же­ңістің 65 жылдығы құрметіне май­дан­гер журналистердің бір тобы “Қазақ­станның құрметті журналисі” белгісімен марапатталды. Толық тізім өңірлік бас­па­сөзде жарияланады. “Қазинпресс” редак­циялық-баспалық тобы Амангелді Ахмет­әлімов атындағы сыйлықпен ақпараттық қызметті ұйымдастырғаны үшін “Интер­факс-Қазақстан” ақпарат агенттігінің бас директоры Наталья Минакованы және ҚазТАГ бас редакторының орынбасары Данияр Темірбаевты марапаттады. “Қа­зақ­стан – ZAMAN” халықаралық газеті Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен “Жетісу” газетінің фототілшісі Жұмабай Мұсабековті марапаттады. Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзге қолдау көрсеткені және журналистермен өзара түсіністігі үшін мыналардың қызметтері атап өтілді: Болат Әбілов – “ЖСДП – Азат” теңтөрағасы, Ерлан Байжанов – “Арна Медиа” АҚ президенті, Аида Балаева – Астана қаласы әкімінің орынбасары, Кенжеболат Бекназаров – ҚР ҰҚК төрағасының баспасөз хатшысы, Нұрлан Нығматулин – “Нұр Отан” ХДП Төрағасының орынбасары, Жанна Ойшыбаева – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Василий Розинов – “Иволга – Холдинг” компаниясының бас директоры, Олжас Сүлейменов – ЮНЕСКО-дағы Қазақстан өкілдігінің басшысы, Мейрамбек Төлепберген – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.