Аймақтар • 07 Қараша, 2024

Павлодарда оқу онлайнға ауыстырылды

1 мин
оқу үшін

Павлодарда секундына 14-25 метр жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы - 1 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты қалада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабақтары онлайнға ауыстырылды, деп жазады Egemen.kz

Павлодарда оқу онлайнға ауыстырылды

Фото: Константин Шелков

Бұл туралы Павлодар облыстық білім басқармасы хабарлады. 

«Қазгидромет» мекемесінің бекіткен параметрлеріне сәйкес, аудан және қалалар сабақтарды онлайнға көшірді. Бүгін Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды даярлық тобының, 1-11 сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттерінің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма хабарламасында.

Мекеме өңір оқушылары онлайн форматта оқу үшін барлық жағдай жасақталғанын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20