АСТАНА. 29 қаңтар. Ақмола облысына Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің сыртқы экономикалық қызмет басқармасының басшысы Владимир Волчок бастаған бір топ іскер азаматтар келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олардың Ақмола облысына келген сапарының басты мақсаты – Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалды-технологиялық паркі» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысымен танысу және алдағы жоспарларын талқылау.
Аталған жоба 2012 жылы қолға алына бастады. Мұндағы мақсат Беларусь елінің коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласының озық техникаларын елімізде құрастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту болып табылады. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 2014 жылы Беларусь елінің «Минск трактор зауыты» ашық акционерлік қоғамы және отандық «Қазақстанның агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серікестігі бірлесіп, «МТЗ-ҚАИК» серіктестігін құрған болатын.
Ал өткен жылы аталған жоба Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен қолдау тауып, Индустрияландыру картасына енгізілді. Сондай-ақ сумен, электр қуатымен жабдықтау, кәріз және жылу жүйесі тәрізді инфрақұрылымды тарту мәселесі де оң шешімін тапқан.
Жалпы, беларусь компаниясының Ақмола облысымен іскерлік байланысы 2010 жылдан бастау алады. Осы аралықта 5 миллионға жуық АҚШ долларына 7 түрлі техниканың 500 данасы құрастырылып шығарылған. Бұлар негізінен отандастарымыз тарапынан сұранысқа ие коммуналдық және ауыл шарушылығы техникалары болып табылады.
«Қазақстан біздің стратегиялық әріптесіміз. Мұнда Беларусь өнімдеріне сұраныс жоғары. Осындағы индустриалды-технологиялық парк осы бағытта бірлесе істеп жатқан жұмыстарымыздың жемісі. Сондықтан, алдағы уақытта өнім көлемін арттыру жоспарда бар. Бұл екі жаққа тиімді екендігі сөзсіз», – дейді Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің сыртқы экономикалық қызмет басқармасының басшысы Владимир Волчок.
Бақберген Амалбек.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: egemen.kz.
• 29 Қаңтар, 2015
Ақмолада Беларусь техникалары құрастырылып жатыр

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07