ПЕТРОПАВЛ. 29 қаңтар. Петропавл қаласындағы базарлардың бірінен 44 жастағы әйелдің өлі денесі табылып, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Марқұмның өліміне күйеуі күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.
Қазір адам өлтіру дерегіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті саудамен айналысатын әйелімен ұрсысып, пышақ жұмсағанын мойындады. Ол уақытша ұстау оқшаулағышқа қамалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша айып тағылды. «Нақты сараптамалар жүргізіліп, істің ақ-қарасы анықталады», дейді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Азат Құсайынов.
Адам өлтіру фактісі дәлелденсе, күдікті 15 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.
Өмір Есқали.
Дерек: ОІІД-нің баспасөз қызметі.
Сурет: gazeta.kz.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше