АҚТАУ. 29 қаңтар. Ақтау гарнизоны әскери соты қызмет бабын асыра пайдаланған әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің материалды-техникалық қамтамасыз ету ротасы күзет және қорғау атқыш-зениттік взводының (атқыш-зенитші) сарбазы, кіші сержант Ж.қатардағы жауынгер А.-ға өзіне қарай келуін бұйырған. Алайда, бұйрығын естімей, киім кептіру бөлмесіне кіріп кеткен қатардағы жауынгерді бұйрығымды орындамады деп түсінген кіші сержант киім кептіретін бөлмеге кіріп, жас сарбазды сабауға кіріседі. Нәтижесінде қатардағы жауынгердің ерні жыртылып, беті көгереді.
Осы әрекеті үшін жауапқа тартылып, Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігімен айыпталған кіші сержант Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны Ақтау гарнизоны әскери соты өндіріске қабылдады. Аталған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2015 жылдың 4 ақпанға тағайындалды.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bnews.kz.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше