Аймақтар • 29 Қазан, 2024

Мұқтаж жандардың қуанышы

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шарбақты ауданында жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріл­ді. Заманға сай салынған бас­па­налар мұқтаж жандарға бұйыр­ды. Ғимараттарды жеке тұл­ға өз қаржысына салып, кейін олар облыстық бюджет қара­жаты есебінен сатып алынған. Үш бөлмелі пәтерлер заманауи тех­нологиялар қолданыла отырып тұрғызылып, озық инже­нерлік ком­муникациялармен жабдық­тал­­ған.

Мұқтаж жандардың қуанышы

Суретті түсірген – Валерий БУГАЕВ

Өңір басшысы Асайын Байханов қоныс иелерін көптен күткен баспаналарымен құттықтады.

– Азаматтарымызды қолжетімді бас­панамен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Биылғы жылы бизнес пен мемлекеттің өзара іс-әрекеті аясында біз кезекте тұрған жандарға 800 пәтер, соның ішінде облыстың 10 ауданында 313 пәтер сатып аламыз. Пәтерлерді сатып алу тәжірибесін келесі жылдары да жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Шарбақтыда жалпы аумағы 1 680 шаршы метрді, мұз аренасы 1 440 шаршы метрді құрайтын жаңа жабық хоккей корты ашылды. Спорт нысаны ауыл тұрғындарының өтінішімен, аудан тұрғыны, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Виталий Солом­киннің қолдауымен бой көтерді. Ауыл тұрғындары өңірдің әл-ауқатын жақ­сартуға бағытталған маңызды жоба­лардың іске асырылып жатқанына дән риза екендерін жеткізді. Мұндай бастамаларға әлеуметтік жауапкершілігі жо­ғары, белсенді аза­маттық ұстанымы бар бизнестегі азаматтардың мұрындық болғаны қуан­тады.

 

Павлодар облысы,

Шарбақты ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03