Үкімет • 19 Қазан, 2024

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығы­мен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Фото: kaz.inform.kz / Ж. Жұмабеков

Бірінші оқылымда де­путат­тар­дың талқылауына жолау­шыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады. Бәсекелестік ортаға жолаушыларды облысаралық және халықаралық тұрақты тасымалдауды, тұрақты емес тасымалдауларды, сондай-ақ такси қызметін ұйымдастыру бо­йынша бірқатар мемлекет­тік функцияны беру көздел­ген. Осыған байланысты «Көлік туралы», «Автомобиль кө­лігі туралы», «Астана мәртебесі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне әлеу­меттік қамсыз­дан­дыру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» заңдар­ға өзгерістер енгізу қарас­тырылады.

Сондай-ақ күн тәртібі жоба­сына Еуразиялық эко­номи­калық одақ шең­берін­де ауыл шаруа­­шылы­ғы өнімі­не арналған қой­ма­лық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы ке­лісімді ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді. Құжат ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық пен өзара сауданы дамытуға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05