Үкімет • 15 Қазан, 2024

Мемлекеттік сыйлық үміткерлері анықталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Мемлекеттік сыйлық үміткерлері анықталды

Сурет: akorda.kz

Зиялы қауым өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 21 жұмысты қарады.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екінші кезеңге өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы туралы баяндама жасады.

Комиссия мүшелері жасырын дауыс беру арқылы 2024 жылғы Қазақ­стан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекет­тік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Олар Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады.

Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05