Таным • 12 Қазан, 2024

Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джордж Вашингтон уни­вер­ситетінің профессоры Пи­тер Роллбергтің «Совет­тік Қазақстанның кино өнері» атты монографиясы – Батыс әлеміндегі Ор­талық Азия ел­де­рінің мәдениетіне қызы­ғушы­ларға таптырмас оқулықтың бірі.

Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен

Ол бұл кітапқа қалай кіріскені ту­ралы айта келе, «2012 жылы оқу ор­нымызда Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер инс­ти­тутының ди­ректоры болып та­ға­й­ын­далдым. Әне, сол кезде Қазақ­станның мә­дениетіне, әсіресе, киносына, қазақ музыкасы мен әдебиетіне қызығушылық таныттым. Саясаттану және тарих саласындағы әріптестерім кеңестік, пос­ткеңестік кезеңде Қа­зақстандағы демократия­ландыру, ұлттық бі­ре­гей­лік аспектілері бойын­ша ғылыми зерттеулер жасады, сол бағыт бойынша жұмыс істеді. Ал мен 2017 жылы зерттеу сапарымен Алматыға барып, Сатыбалды Нарымбетов, Дәрежан Өмірбаев, Асан­әлі Әшімов сынды режис­сер, актерлермен кез­де­сіп, кітабыма қажетті материалдар алдым», дей­ді.

Тіпті ол қазақ ре­жис­серлері түсір­ген қазіргі фильмдерді Вашинг­тонда тұрып та қалт жібермей кө­ретінін айтты. Соңғы рет Алдияр Байракимов-тің «Па­ралимпиадашы» филь­мі, сонымен қатар жа­қын­да шыққан «Шекер» сияқты шағын сериалдар­ды тамашалағанын жет­кізді. Бізге әсіресе оның «Қыз Жібек» фильмі туралы айтқан шынайы бағасы қатты әсер етті. Оның айтуынша, бұл кино қазақтың ұлттық мәдениетін төрт­күл дүниеге кеңінен дә­ріп­­теген тұңғыш фильм бол­мақ.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15