ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанайда екі күнде бес көлік қолды болды. Полицейлер тұрғындарда жеңіл көлік көбейген сайын соған сәйкес ұрлық саны да артып отыр деп санайды. Жыл басынан бері Қостанайда 100 машина ұрланып, соның 80-ні ашылды. Бұл туралы alau.kz хабарлады.
Негізінен аулада, көшеде қойған көліктер ұрланатын. Соңғы кездері ұрылар ақылы тұрақтан да көліктерді қағып кететін болды. Ұрылар 69 жастағы зейнеткердің «ВАЗ-21063» машинасына қол салған. Полицейлердің жедел қимылы нәтижесінде оның ізі суымай ұсталды. 18 жастағы ұры машинаны ұрлағанымен қоймай, оны соғып, бүлдіріп те үлгерген.
Полицейлердің айтуынша, түнгі сағат 2-ден таң атқанға дейін машина ұрлауға өте қолайлы болып саналады екен. Мысалы, Қарабалық поселкесі тұрғынының адамдардың көз алдында тұрады деп, жанар-жағар май бекеті алдына қойған «Лада-21901» машинасын түнгі сағат 3-те қағып кеткен. Қостанай ауданынан барған 35 жастағы ұрыны полицейлер бір тәуліктің ішінде ұстаған. Бірақ машина істен шыққан.
Полицейлер көлікте қорғаныс құралдары көп болған сайын ұрлығы тосқауыл да мықты екенін айтып отыр. Машина иесі көліктің есігін, багажын, капотын, сигналдарын жиі тексеріп отыруы керек дейді. Сонымен қатар, полицейлер машина қоятын тұрақтың адам көп жүретін, ашық жерде болуына кеңес береді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше