ПЕТРОПАВЛ. 28 сәуір. Солтүстік өңірде көптеген этностардың тұратыны белгілі. Биылғы Президент сайлауында облыс халқы бір кісідей дауыс беріп, осынау саяси шараның лайықты деңгейде өтуіне қомақты үлес қосты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазір облыста мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Солардың бірі - «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалының маманы Елена Косенкова сайлауда алғашылардың бірі болып дауыс бергенін, өйткені, еліміздің болашағына немқұрайлы қарай алмайтынын айтты.
«Қазақстан – ортақ Отанымыз! Өскелең ұрпақ осылай түсінеді. Оның гүлденуі, қарыштауы әрбіріміздің іргелі ісімізге, нық сенімімізге, дұрыс таңдау жасауымызға байланысты. Біз еңселі елімізге ие болатын өз Президентімізді таңдадық! Сайлау нәтижесі–елінің ертеңін ойлаған кемелдіктің кемеңгеріне деген ең жоғары сенімі. Бұл – «Мәңгілік Ел» мұраттарына мұраттарына нұрлы жолмен баруды мақсат еткен қазақстандықтардың жеңісі. Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, дамудың даңғыл жолына шығарған тұлғаға халық сенімінің көрсетілуі–заңдылық. Мен іргесі берік, ынтымағы жарасқан Қазақстан азаматы екенімді мақтан етемін. Мен үшін Қазақстаннан артық мекен жоқ. Қазақ халқының құнарлы тілін еркін меңгеру арқылы мәдениетіне, тарихи құндылықтарына бойлай түсу арманыма жеткенімді мақтан етемін», - дейді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан бүгінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдермен қатар әлемдік қауымдастық үшін этностар достығының үлгісіне айналды. Бұл ретте Елбасының еңбегі орасан екені даусыз. Бірлік пен тұрақтылық жоқ жерде жарқын да кемел болашақ жоқ екенін соғыс өрті шарпыған, ұлтаралық қикілжіңдер тыйылмай отырған мемлекеттер тірлігі дәлел.
«Өз заманында жерлесіміз, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев:
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін! – деп өрендерге зор сенім артқан болса, Тұңғыш Президентіміз де бізден елдің болашағы ретінде үлкен үміт күтеді. Жастардың білім алып, өз кәсіптерін дөңгелетуге де, отбасын құрып, тұрғын үйге ие болуға мол мүмкіндігі бар», - дейді ол.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше