Қоғам • 04 Қазан, 2024

ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл шілде айынан бастап ІІМ белгілі бір құқықтық мәртебесі жоқ, жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген адамдарды анықтау және оларға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz

ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

Фото: ІІМ баспасөз қызметі бөлімі

Негізінен бұл санатқа белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, шалғай жерлер мен шаруа қожалықтарында тұратын, құқықтық сауаттылықтың төмендігіне және денсаулығына байланысты өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ адамдар жатады.

Жыл соңына дейін жалғасатын науқанды ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мен оның аумақтық бөліністері БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының және бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен жүргізіп жатыр. 

Бүгінгі таңда ел бойынша құжаттары жоқ 404 адам анықталды, оның 200-і Қазақстан Республикасының азаматтары, ал 14-і азаматтығы жоқ адамдар болып танылды. Қалғандарының құқықтық мәртебесі тексеріліп жатыр.

«Егер құжаттары жоқ адамдар туралы білсеңіз, көші-қон қызметіне тұрғылықты жер бойынша хабарласуды сұраймыз. Оларға құқықтық көмек көрсету үшін әрбір аймақта жауапты қызметкер бекітілген. Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне мына нөмірлер арқылы жүгінуге болады: +7 701 171 82 28, +7 7172 71 40 73 және 71 44 10», деді ведомство өкілдері.