ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанай облысы Қарабалық аудандық соты кәсіпкердің аудан әкімінің орынбасары Алмас Сұлтановтан моральдық зияны үшін 1 теңге өтемақы өндіру талабын қанағаттандырды. Сот шешіміне шенеунік келіспейтінін білдіріп, арызданды. Бұл туралы alau.kz хабарлады.
Сұлтанов аудандық балалар кітапханасына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне жетекшілік етті. Оның үстінен сотқа арызданған кәсіпкер жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Оқиға өткен жылдың 7 маусымында болады.
Куратор мен мердігер кітапхана ғимаратының алдында сөйлесіп тұрады. Азаматтық соттың материалдарында айтылғандай, мердігермен келіспей қалған Сұлтанов көңіл күй еркіне беріліп, кәсіпкерді жағасынан алады да, оны былапыттап, ғимараттың алдына сүйреп әкеледі. Кәсіпкердің ары мен ұжданы аяққа тапталады. Сотта кәсіпкер мұны куәгерлермен дәлелдейді.
Аудандық сот Алмас Сұлтановтан жеке кәсіпкер Хогаевқа моральдық нұқсан келтіргені үшін 1 теңге көлемінде өтемақы беруге қаулы шығарады. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Қазір Сұлтанов сот шешіміне наразылығын білдіріп, апелляциялық арыз берді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz
• 28 Сәуір, 2015
Қостанай облысында әкімнің орынбасарын 1 теңге төлеуге міндеттеді

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53