АСТАНА. 12 маусым. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Отырыс барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Қалачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдары тұрғындарының денсаулығын қорғауға қатысты мәселелерді тездетіп реттеу қажеттігін айтты. Осыған байланысты халықтың өздері тұратын өңірдегі экологиялық ахуал туралы ақпаратқа еркін қолы жетуін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
«Қалачи ауылындағы құбылыстың себебі неден екенін әлі ешкім дұрыстап түсіндірген жоқ. Құзырлы органдар жағдайды анықтай алмаса, қажетті сарапшылары жоқ болса, онда шетелдіктерді шақырып, бұл істі соларға тапсыруы керек еді», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті экологиялық қатерлерді болжап, алдын алудың тиімді тетіктерін жасау техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын шығынды мейлінше азайтуға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстанды орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді орындаумен қатар жануарлар мен өсімдік әлемінің биоалуандығын сақтауды қамтамасыз етуге, соның ішінде бірқатар облыстардағы киіктің жаппай қырылуының басты себептерін анықтауға міндетті екенін айтты.
«Әрқилы болжамдар мен қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Ол дегенің бұл бағытта мүлде жөнсіздік орын алып отырғанын, тиісті мамандардың жоқтығын, осындай жағдайға әкеп соқтырған жайттарды анықтай алмағандықты білдіреді», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, табиғат қорғау саласындағы саясат ресурс үнемдеу, шаруашылық қызметінің барлық саласында қалдықсыз технологияларды енгізу мәселелерін шешу ісіне бизнесті ынталандырып, кеңінен тартуға бағытталуы тиіс.
Ел халқының денсаулығы мен жоғары сапалы, жайлы тұрмысын қамтамасыз ету Қазақстан ғылымынан қоршаған орта ахуалына стратегиялық талдау жасауға және кез келген теріс құбылыстың алдын алуға мүмкіндік беретін серпінді зерттеулер мен әзірлемелерді талап етеді.
Мемлекет басшысы қоршаған ортаның ахуалын мониторингілеу, экология саласындағы қатерлерді алдын ала анықтау үшін Жерді қашықтан зондтайтын, 2014 жылы іске қосылған қазақстандық екі ғарыш аппаратын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, Елбасы индустрияландыру, аграрлық сектор мен шағын және орта бизнесті дамыту міндеттерімен бірге Қазақстанның экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлуі қажеттігіне назар аударды.
Жердің шөлейттенуі мен тозуы, кейбір елді мекендердегі ауа сапасының нашарлығы, суды тиімсіз пайдалану, өнеркәсіптерден зиянды заттардың ауаға тарауы мен қоқыс тастайтын орындардың ретсіз орналасуы, тұрмыстық қалдықтардың қордалануы сияқты қатерлер мемлекет пен бизнес тарапынан нақты шаралар қабылдауды қажет етеді.
Энергетика министрі В.Школьник өз баяндамасында экологиялық ахуалға, мемлекеттік органдардың осы саладағы, соның ішінде Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасы аясындағы қызметіне шолу жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығына жүктеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 12 Маусым, 2015
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31