22 Қаңтар, 2015

Атырауда оқушылар белгісіз заттан уланды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ekm_7845АТЫРАУ. 22 қаңтар. Атырау қаласының іргесіндегі мектеп оқушылары белгісіз нәрседен уланып, облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жұмыскер» елді мекеніндегі И.Тайманов атындағы мектепте оқитын оқуышлардың бір тобы, нақтылай айтқанда, 18 оқушы мен бір қызметші түс мезгілінде өздерін нашар сезінген. Дәрігерлер олардың барлығын аурухана керуетіне жатқызу жөнінде шешім қабылдады. Дәрігерлердің айтуынша, уланған балалардың тамағы жыбырлап, қышу пайда болған. Кейін құсу белгілері кездескен. Ауруханадағы балалардың жағдайы орташа көрінеді. «ҚазТрансГазАймақ» филиалының мамандары тексеру жүргізді. Әзірге аталған мектеп оқушылары мен бір ересек адамның неден уланғаны анықталған жоқ. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Cурет: azh.kz. ekm_7860 ekm_7872 ekm_7956 ekm_7966