22 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Өткен жылы еліміздің 20 мыңға жуық азаматы шарт­ты ақшалай көмекке ие болды. Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму министрлігі хабарлағандай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыс­тарында «Өрлеу» қанатқақты жобасының арқасында 3 843 от­ба­сы немесе 19 909 азамат 413,3 млн. теңге көлемінде шарт­ты ақшалай көмек алған. *«Қазагромаркетинг» АҚ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдер қа­былдай бастады. Құрылымның баспасөз қызметі бұл субсидия­лау мемлекетіміздің агроөнер­кәсіптік кешенді дамыту жө­нін­дегі «Агробизнес-2020» бағ­­дарламасы аясында жүргізі­ле­тінін мәлімдеді. *Астанада Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер үшін 579 млн. теңге бөлінді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, қарт майдангерлерді қолдау мақсатында кең ауқымды акция­лар мен іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бүгінде елордада Ұлы Отан соғысының 228 ардагері тұрып жатыр. *Алматының 2015 жыл­ғы бюджеті нақтыланды. Қа­лалық әкімдіктің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, шаһар бюджеті – 434 млрд. 497 млн. 412,3 мың теңгені, оның ішінде бюджет шығындарын алып тастағандағы нақтылы бюджет 350 млрд. 841 млн. теңгені құрады. *Қарағандылық кәсіп­орындар Астанадағы ЭКСПО-2017 қалашығын салу­ға қатысады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқар­ма­сының төрағасы Мұрат Ома­ровтың айтуынша, өңірдегі өндіріс орындары құрылыс­қа қажетті темір-бетон бұйым­дарын, сэндвич панельдер, по­­лиэтилен және престелген құ­бырлар, радиаторлар және арнайы киімдер жеткізіп бермек. *Былтыр Оңтүстік Қа­зақ­станда 405 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне ұсы­нылды. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Қыдыров 2014 жылы салаға тар­тылған инвестиция көлемі 187 млрд. 614 млн. теңгеге жеткенін мәлім етті. *Жамбыл облысында автобустарға GPS-бақы­лау орнатылып жатыр. Об­лыстық әкімдік үстіміздегі жылы бақылаудың бірыңғай жүйесін құруға 18,2 млн. теңге қаралғанын жеткізді. Бүгінде GPS жүйесі Тараздағы автобустардың 50 пайызына қойылған. *Маңғыстау өңірінде маңызды құжат қабылданды. Аймақтағы мұнай өндіретін 7 кәсіпорын облыс әкімді­гімен, кәсіподақтар кеңесімен және кәсіпкерлер палатасы­мен бірлесе отырып, жұмыс­шылардың еңбек құқықтарын қам­тамасыз ету мақсатында мемо­рандумға қол қойды. Аймақ басшысы Алик Айдар­баев мұны жоғары бағалады. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» деректері бойынша дайындалды.