Күрес • 10 Шілде, 2024

Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері өмірден өтті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері өмірден өтті

Фото: olympic.kz

Бұл туралы күрес федерациясының баспасөз қызметінен мәлім болды. 

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан спортының жарқын жұлдызы, КСРО-ның еңбек сінірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ильматов Ром Хасанович өмірден мезгілсіз озуына байланысты көңіл айтамыз. Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Оның асыл мінезі мен жетістіктері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады», делінген хабарламада.

Білікті бапкер 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданында дүниеге келген. Ол 26 ақпанда 88 жасқа толған болатын. 

Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылы 2 тамызда қайтыс болған.