Президент • 07 Шілде, 2024

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы.

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды.

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.

Соңғы жаңалықтар

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20