Спорт • 06 Шілде, 2024

Чемпион Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеуін жолдады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы (15-0, 10 КО), қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чемпион Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеуін жолдады

Боксшы жерлесіміз әлеуметтік желі арқылы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жегі алдында жақын арада өзінің ашық жаттығуы өтетінін еске салды.

«Ертең менде медиа-күн және барлығыңызды күтемін!» деп жазды Ж.Әлімханұлы.

Еске сала кетсек, ашық жаттығу 6 шілдеде Калифорнияда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін өтеді. Жаңазеландиялықпен арадағы жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегаста өтеді.