Теннис • 04 Шілде, 2024

Анна Данилина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі, әлемнің 52-ракеткасы Анна Данилина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Фото: Fran Santiago/Getty Images for ITF

 

Отандасымыз жұптық сында бақ сынады.

Анна Данилина мен Қытай өкілі Сюй Ифань Польша өкілдері Магдалена Френх пен Катажина Кавамен жасыл алаңға шықты.

2 сағат 41 минутқа созылған тартысты ойында Анна Данилина мен Сюй Ифань 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Польша жұбы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды.

Қазақстан теннисшісі мен Қытай спортшысының 1/16 финалдағы қарсыластары кейін анықталады.