Экономика • 03 Шілде, 2024

Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий дәлізі арқылы алғашқы көлік керуенін аттандырды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий дәлізі арқылы алғашқы көлік керуенін аттандырды

Фото: svetland-oil.kz

Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режимінде қатысты.

Іс-шара қатысушыларына Ұлы Жібек жолы бағытымен жүретін транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин жүк паромдарының қозғалысын іске қосты.

Та

Керуен Қазақстанның 8 өңірінен өтіп, бүгін Құрық портына жетті. Көлік керуенінің сапары 10 күнді құрайды, ал ұзындығы - 4 800 шақырым.

Бұл бағыт қос ел арасындағы экономикалық  байланысты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі Құрық портынан тікелей байланысқа шығып, Қытайдан шыққан алғашқы көлік керуені Ақтау мен Құрық порттарына келіп жеткенін хабарлады.

«Қытай елінен шыққан жүк керуені мен контейнер пойызы Ақтау мен Құрық порттарына келіп жетті. Олар Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне бет алды. Бұл - Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы. Керуен аттануға дайын», деді Көлік комитетінің төрағасы.

Алтай Әлі екі елдің басшыларынан кемелердің жүзуіне рұқсат беруін сұрады.

Ьа