Пікір • 28 Маусым, 2024

Келісіп пішкен тон келте болмас

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саясаттануда қоғамдық келісім деген ұғым бар. Сол секілді біздің жалпы медиа-қауымдастық, БАҚ, түрлі ұйым дәл осы медиаэтикаға байланысты қоғамдық келісімге келуі керек.

Келісіп пішкен тон келте болмас

Фото: halyq-uni.kz

Медиаөкілдерге ортақ құндылықтар бар. Біз тек әр маманға осыны жіті түсінді­ріп, насихаттау арқылы құндылықтарды қалыптастыруымыз қажет. Мәселен, дүниежүзілік футбол бір ғана ережемен ойнайды. Сол секілді ақпараттық нарықта жаһандық халықаралық журналистік этика­ның қалыптасқан нормаларымен, қағи­даттарымен жұмыс істесек, біраз мәсе­ленің түйіні тарқайтынына сенімдімін.

Әрине, бұл біркүндік шаруа емес. Десек те медиақауымдастықтың түрлі формат­тағы кездесулері, талқылаулары аясында халықаралық журналистиканың нормаларына бейімделуіміз қажет. Байқап қарасақ, өзін-өзі сыйлайтын, ұзақ жылдық дәстүрі бар әлемдік медиаресурстардың әрқайсысында редакциялық стандарттар қалыптасқан. Бұл жалпымен әрі жария түрде қабылданған. Сайттарында да ашық көрсетіліп жазылады. Кез келген журналист сол редакцияның стандарттарына сәйкес бейтараптылыққа, біліктілікке, обьективтілікке, жауапкершілік­ке қатысты нормаларын сақтайды. Бізде бірде-бір бұқаралық ақпарат құралдарында редакциялық стандарт жоқ. Біздің қазіргі негізгі міндетіміз осы.

 

Болат МҮРСӘЛІМ,

«Qazaqstan» телеарнасының директоры