Оқиға • 26 Маусым, 2024

Елімізде 7 мыңнан астам кенші ерте зейнетке шықты

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылғы 26 маусымда қанша кеншінің мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 7 мыңнан астам кенші ерте зейнетке шықты

Фото: Depisitphotos

Тамара Дүйсенова Қазақстанда зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданғанын еске салды.

«Жыл басынан бері Президент тарапынан қаралып, депутаттардың қолдауына ие болған зиянды өндіріс қызметкерлеріне арнайы үстемақы төленіп жатыр. Осы кезеңде алушылар саны 7140 адамға жетіп, 1,2 млрд теңге бөлінді», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу аясында арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілген болатын.

55 жасқа толған және кемінде жеті жыл бойы МКЗЖ аударылған қызметкерлер бұл төлемдерге құқылы.