АҚТӨБЕ. 20 қаңтар. Ақтөбеде «Автобус» акциясы барысында жол қозғалысы ережелері бұзылуының 1303 фактісі анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үстіміздегі жылғы 15-17 қаңтар аралығында ішкі істер департаменті әкімішілік полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – жолаушылар көліктерінің апаттылығын ескерту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шара аясында жолаушылар мен жүктерді жүйелі және жүйесіз тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының бар-жоғы, автобустың техникалық жағдайы және олардың бекітілген талаптарға сәйкестігі, автобус жүргізушілерінің рейс алды медициналық және техникалық тексеруден өтуіне басты назар аударылды.
«Автобус» профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында әкімішілік полиция басқармасының жеке құрамы барлығы 1303 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты, оның ішінде жылдамдықты асыру ережесі бұзылуының 50 дерегін, 17 мас күйінде көлік құралын басқару дерегін және басқа жол қозғалысы ережелерін сақтамаушылықтарды анықтады. Анықталған жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: idrive.kz.
• 20 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде жол қозғалысы ережелері бұзылуының 1303 фактісі анықталды

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22