Білім • 25 Маусым, 2024

Үздік оқушылар – құрмет төрінде

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен оқу жылында облыс орталығының оқушылары түрлі білім додаларында топ жарып, халықаралық байқаулардан жүлделі оралды. Жетістікке жеткен өрендерге Павлодар қаласы әкімінің атынан 100 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

Үздік оқушылар – құрмет төрінде

Ертіс өзенінің жаға­лауында орналасқан «Ertis Promenad» сахнасын­да үздік оқушылардың құр­метіне салтанатты кеш ұйым­дастырылып, рес­пуб­ликалық, облыстық олим­пиадалардың, рес­пуб­ликалық және халық­аралық зерттеу жобалары конкурстарының жеңім­паздары мен жүлдегерлері марапатталды. Ақшалай сыйлық жалпы саны 51 оқу­шыға тапсырылды.

Павлодар қаласы әкімі­нің орынбасары Светлана Гладышева оқушыларды құттықтап, қала басшысының атынан 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат, Алғысхат табыс етті.

«Мұндай салтанатты іс-шараға дарынды оқушылардың қатысуы – өте құптарлық бастама. Біздің қаламыздың оқушылары өткен оқу жылында 60 медаль, оның ішінде 14 алтын, 15 күміс және 31 қола медаль жеңіп алды. Соның нәтижесінде шаһарымыздың олим­пиадалық командасы Павлодар облысының қалалары арасындағы «Үздік олимпиадалық команда» атағын тағы бір мәрте қорғап қалды», дейді «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығының басшысы Ақмарал Мұхаметжанова.

Қала әкімінің сый-құрметіне, сондай-ақ дарынды балаларды да­йын­­даған ұстаздар да бөленді. Нәтижелі еңбегі мен жоғары кәсіби ­ше­берлігі үшін 46 педагогке құрмет көрсетілді. Олар Павлодар ­қаласы әкімінің Алғысхатымен марапатталды.

 

ПАВЛОДАР