Сенат • 25 Маусым, 2024

Жаңа құжаттың жүгі салмақты

48 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сенатта «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтіп, онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныс­тырылды. Жобаның мақсаты – Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру.

Жаңа құжаттың жүгі салмақты

Сенатор Зәкіржан Кузиев Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы ор­нық­тыруда орталық органдар ғана емес, сонымен қатар өңірлік би­лік рөлі­нің маңыздылығын да атап өт­кенін, қоғамда өскелең өмірді бағдар ететін және дүниетанымның ажырамас бөлігіне айналатын ұстанымның кеңінен қанат жаюы үшін тиімді тетіктер іздеу мен ұсыну және ілгері­летуде орталық пен өңірлер тығыз байланыста жұмыс істеуі туралы айтқанын атап өтті.

Жобаның негізінде басты құнды­лық­тар – заң мен тәртіп жатқанын айтқан сенатор биліктің заң шығару­шы тармағының өкілдері үшін Пре­зиденттің «Заң алдында бәрі тең» деген сөзінің тереңдігі мен маңыздылы­ғын түсіну – мызғымас қағида екеніне тоқталды. «Мемлекет ешқашан бас­сыздық пен хаосқа жол бермейді. Заң­ды барлық адам барлық жерде қатаң сақтауы керек. Біз заң шығарушылар ретінде заңнамалық нормаларды жасап қана қоймай, солардың негізінде қоғамдағы маңызды идеологиялық құндылықтарды дамыту мен нығайтуға мүмкіндік жасауымыз керек. Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы біздің дүниетанымымыздың бөлінбес бөлшегіне айналатын озық ұстанымдарды насихаттаудың тиімді тетіктерін іздеу, ұсыну мен дамыту міндетін алға қойды. Мемлекеттік аппарат пен барлық саламатты қоғамдық күштер осы жолда тізе қосып әрекет етуге тиіс. Міне, біздің жобамыз да осын­дай мақсатта өмірге келді», деді ол.

З.Кузиев жобаны іске асыру барысында халықтың өзекті мәселелері айқындалатынын, ол Парламент, мәслихаттар депутаттарының жұмы­сында және олардың өзара іс-қимы­лында көрініс табатынын жеткізді. «Біз өз жұмысымызда Ассамблеяның және өкілді биліктің өзекті мәселелері мен мін­деттерінің барлық саласын қам­титын боламыз, сондай-ақ Парла­мент пен барлық деңгейдегі мәсли­хат депутаттарының ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктер басшы­лары­ның қатысуымен жергілікті жердегі этносаралық қатынастар мәселесін тұрақты қарауды қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымыздың басты бағыты әрқашан этноәлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу болуға тиіс», деді ол.

Сенатор жоба аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының өкіл­дері республикалық этномәдени бірлес­тік­тердің жетекшілерімен оларды тол­ғандырған барлық мәселені талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізіп отырмақ.

«Парламенттегі «Бір ел – бір мүд­де» депутаттық тобы өкілдерінің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы мәслихаттармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыру бо­йынша республикалық конференция жоспарланған. Парламент депутаттары үшін аймақтарға шығу кезінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өткізу міндетті болады. Аймақ мәслихаттары хатшылары­ның ҚХА этномәдени бірлестік­тері және қоғамдық құрылымдары­ның өкілдерімен тұрақты кездесулері қарастырылған. Достық үйлерінде Парламент, мәслихат депутаттарының этномәдени бірлестіктердің, ҚХА құрылымдарының, халық өкілдерімен кездесуі үшін ай сайынғы «депутаттық сағат» ұйымдастырылады. Кері байланыс тетіктерін қалып­тас­тыру үшін ҚХА тарапынан сайланған Сенат депутаттарының жауапты аймақ­тардағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарымен жұмыс кездесулерін тұрақты өткізу ұсынылады», деді З.Кузиев.

Сенатор ұлтаралық сипаттағы бар­лық кикілжіңдерді орталыққа жеткіз­бей, өз аймағында шешуге тырысу қажеттігін еске салды. «Бұл жұмыс­қа жергілікті мәслихаттардың өкіл­дері қатысуы керек. Ұлтаралық кикіл­жің­дердің 90 пайызы тұрмыстық сипатқа ие. Оны орталыққа жеткізбей, жергілікті деңгейде шешкен орынды әрі тиімді. Бүгін біз аймақтардағы мәслихаттар жанынан ҚХА депутаттық топтарын құрамыз. Мұнда тәжірибе бұрын болған және жақсы нәтижесін көрсеткен. Жалпы алғанда, ұлтаралық қатынастардың өзекті мәселелерін шешу мәслихаттардың күнделікті қызметінің негізі саналады, өйткені олар ел тұрғындарының бет-бейнесін көрсетеді», деді ол.

Жиын барысында сенатор Ольга Булавкина елімізде 100-ден астам этнос бар екенін атап өтті. Бұл біздің елімізді бейбіт өмір сүрумен қатар өзара сыйластық демократиялық құқықтық азаматтық қоғам құруға негіз болған әлемдегі көп этносты елдердің біріне айналдырады. «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасының ауқымындағы сындарлы диалог заңмен бекітіле отырып, қоғам­дық, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтаудың негіз­гі құралдарының біріне айналады. Сондай-ақ пісіп-жетілген әлеуметтік өзгерістерді уақтылы және қолайлы шешуге, лайықты өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәс­ли­хатының төрағасы Денис Рыпаков өңірлер мәслихаттарының және ҚХА құрылымдарының жұмысы тура­лы айтып берді. Мәселен, мәсли­хат төрағалары мен депутаттар кеңестер­дің отырыстарына, өңірлік сессияларға қатысады және этномәдени бірлестік­тердің өкілдерімен кездеседі. Жобаны іске асыру бұл жұмысты барлық өңірде жүйелеуге, мекемеаралық жұмыс жоспарлары мен жол карталарын әзірлеуге мүмкіндік береді.