Қоғам • 19 Маусым, 2024

Мемлекеттік қызмет: Біліктілікке жету жолы

121 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жаңа әрі жылдам құ­был­ма­лы өмір жағ­­­дайында әрбір мемле­кет­тік орган білім­­ді де білікті, тың серпіліске, өзге­ру­ге дайын­ әрі жаңа талап меже­сі­нен кө­ріне алатын кәсіби шебер мем­­л­е­кет­тік­ қыз­метшілерді қажет ететіні сөз­сіз.

Мемлекеттік қызмет: Біліктілікке жету жолы

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Адам көбіне жоғары оқу орнын тәмамдап, өз саласы бойынша жұмысқа орналасқаннан кейін оқуға деген ынтасының «үзіліс» тетігін басады. Қызметпен қатар, біліктілігін қатар шыңдап отыру мүмкін емес, бір кәсіпті беделді жоғары оқу орнында оқып, игердім, сол жеткілікті деген қатқан қағидалы азаматтар да жеткілікті. Тіпті көп жылғы тәжірибемен жинақ­талған кәсіби шеберлігің) де қазіргі таңда жетістік деуге келмейді. Сарапшылардың «бірнеше мамандық жойылады немесе өзгереді» деген болжамдары уақыт өте шындыққа айналып келе жатқанын көз көріп отыр.

Креативті әлеуетті дамытуға, сандық техно­ло­гияларды мең­геруге бағытталған білімді кү­шей­тіп, уақыт талабы мен еңбек нарығының қажет­тіліктеріне бейімделу қажет. Жаһандық өзге­­ріс­тер аясында еңбек ресурс­тарының құзы­рет­­тілігі мен біліктілігіне қойылатын талаптар арта түсуде. Еліміздегі жаппай цифрландыру бағ­­дарламалары адам еңбегін барынша алмас­ты­руда. Мәліметтердің ескіруі мен жаңа ақпарат­тар­дың пайда болу жылдамдықтары артып келеді.

Тез өзгермелі заманда әрбір мемлекеттік қызметші бәсекеге қабілетті және тиімділікті ілгері­летуге мүмкіндік туғызатын дағ­ды­лар мен құзыреттіліктерді игеруге бағытталған кәсіби білі­мін үнемі шыңдап, жұмысын қалып­тасқан бір сарынды темптен гөрі жаңа инновациялық технологиялармен ықпалдастырса, еңбегі бағалы болары хақ. Бұл өз кезегінде тиімді мем­ле­кеттік аппаратты құруға ықпал етеді.

Жаңа формациядағы мемле­кеттік қызметші – туындаған мәсе­лелерді жедел шеше алатын, жаңа шарттарға жылдам бейімделгіш, үнемі өзгеруге дайын қабілетке ие тұлға. Мемлекет басшысы Пре­зиденттік жастар кадр резервінің форумында сөйлеген сөзінде мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керектігін баса айтты. Мемлекеттік қызметшілерді құзыреттілік ыңғайына орай даяр­лау, оқыту мемлекеттік аппа­рат­ты кәсібилендіруді жетілдіруге жете­­лей­тін әлемдік трендтердің бірі. Оқытудың нәти­желілігі – қыз­меткер жұмысының тиімділігі көр­­сет­­кіштеріне оң әсер беретін оқы­ту үдерісінің ажы­рамас шарты.

2023 жылы Астана қаласының жергілікті мемлекеттік органдарында жұмыс атқарған 969 мемлекеттік қызметшінің 311-і (оның ішінде 74 -қайта даярлау, 237 – біліктілігін арт­тыру) заманауи мемлекеттік қыз­мет­шілерге қажетті құзыреттер мен дағды­ларды дамытуға бағытталған курс­тар мен семинарлардан өтті.

«Б» корпусы мемлекеттік әкім­шілік қызмет­шілерінің қыз­метін бағалаудың үлгілік әдісте­ме­сінің 10-тармағында, 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бо­йынша шешімдер қабылдау үшін негіз болады делінген. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшілерді жалпы тенденция жетегіне ергізбей, бағалау нәтижесінде анықталған кемшін тұстарын арттыруға бағыт­талғ­ан тақырыптық семинарларға жіберу арқы­лы жұмыс күшінің өнімділігіне жаңа серпін беру қажет. Бүгiнгі оқыту – мемлекеттiк қыз­метшiлердiң бұдан әрi сатылап өсуi үшiн қуатты ынталандыру.

Ақиқатына келсек, мем­лекет­тік қызмет­ші­лердің информалды (өздігінен білім алу) білімін жетіл­ді­руге уақыты да бола бермейді. Әрбір секунд тапшы заманда мем­лекеттік қыз­метшілердің өз бетінше, ың­ғайлы уақытта, білік­тіліктері мен дағ­дыларын дамытуға арнал­ған онлайн курста, вебинарлар, онлайн платформалар интернет желісінде жетіп артылады.

Соның бірі – кәсіби және жеке даму туралы материалдарды ұсына отырып, мем­ле­­кет­тік қыз­мет­шілер үшін тиімді және сапа­лы білім ұсыну мақсатында ашылған «Lifelong learning|APA KZ» telegram-арнасы. Ол Пре­зидент жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­мия­сының «Мем­лекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу» жобасын насихаттайды. Арна төрт негізгі блоктан тұрады: #кітаптар, #ма­қа­ла­лар, #құзы­реттілік_видеолары және #өзін_өзі_күту (ден­саулық күту, жаттығу жа­сай­тын бейнероликтер және т.б.). Кәсіби дағ­ды­ларды дамыта­тын және жұмыс тиімділігін арт­тыратын қы­зық­ты әрі пайдалы ақпараттар жарияланады.

Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жүйе­сiн­дегi бас оқу орны, мемлекеттiк қызметтi оқы­ту ұйы­мының діңгегi болып саналатын Академияда мем­­­­­лекеттік қызметшілерді даяр­лау 8 магис­тра­тура бағдарламасы және 3 докторантура бағ­дар­ламасы бо­йынша жүзеге асырылып жатыр.

2024-2025 оқу жылы­на­ құ­жат­ қабылдау он­­лайн­ формат­та­ Ака­­де­мияның арна­йы ақпа­рат­­тық жүйесі арқылы 26 мау­сым­­ға дейін қабылданғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің Еңбек ресурс­тарын дамыту­ орталығының дерек­тері бойынша 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап skills.enbek.kz қысқамерзімді онлайн курстарға (23 кәсіби сала, 142 кәсіпті қам­тыған) оқыту платформасы іске қосылған. Ресурс білімділік пен кәсіпқойлық деңгейін арттыру, мансаптық өрлеуді ынталандыру және «өмір бойы оқу» қағидатын ілгерілету, онлайн оқыту нарығын дамыту бо­йынша жағдай жасау үшін құрылған. Сондықтан, мем­лекеттік қызмет, яғни халыққа қызмет ету жолын таңдаған азаматтар осындай мүмкін­дік­тер­ді жіберіп алмай, білімін ұдайы жетіл­діріп отыруға көңіл де, уақыт та таба білсе, нұр үстіне нұр. Жаңа білім мен біліктілік мемлекеттік басқарудың жаңа көкжиектерін ашатыны сөзсіз.

 

Мерей РАЗАҚ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы