Қазақстан • Бүгін, 12:51

Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді

«Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады», делінген хабарламада.

Бұл құжат мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің өкілеттігін кеңейтуге бағытталған.

Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды

Атап айтқанда, егер мемлекеттік құпияны сақтау талаптарын бұзғаны үшін жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде тиісті талап тағы бұзылған жағдайда жауапкершілік енгізу ұсынылды.

Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты

Соңғы жаңалықтар