Қоғам • 18 Маусым, 2024

Судағы қауіпсіздік: Жағажайларға камералар орнатылады

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жағажайларға бейнебақылау камералары орнатылады. Премьер-министр Олжас Бектенов аталған мәселемен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Судағы қауіпсіздік: Жағажайларға камералар орнатылады

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ел бойынша 708 шомылу орны белгіленген. Сонымен қатар су айдындарында балалар өлімінің көрсеткіші артып барады.

«Қазгидромет болжағандай, биыл жаз ыстық болады. Әсіресе, елдің батысында, шығысында, оңтүстігінде, көлдерде демалушылар саны артады. Бұған дайын болу керек. Жағажайларға бақылау камералары мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мәселесін пысықтау қажет», деп тапсырды Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол Алматы мен Павлодарда пилоттық режимде сыналған жүзу және батып бара жатқандарды ерте анықтау шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін қашықтықтан мониторинг жүйесін мысалға келтірді.

«Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері бұл тәжірибені зерделеп, оны пайдалануы қажет», деп түйіндеді Олжас Бектенов.